Сарқан ауданы әкімінің 2026 жылғы 18 маусымдағы №35-ө өкіміне сәйкес құрылған ведомствоаралық мобильді топтың жұмысы аясында Қарашыған ауылдық округінде тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мобильді топ құрамындағы учаскелік полиция инспекторының қатысуымен ауыл тұрғындарына «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Түсіндіру барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарын сақтау, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға заң талаптарын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1267359?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау