Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 13 шілдесінен 17 шілдесі аралығында, 2026 жылғы 2 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, Самат Муканов көшесі, 1 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру және де техникалық оңалту құралдарының жаңа механизмі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1267516?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау