ШЫМКЕНТТІК ПАЛУАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әзербайжанның Баку қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемнің 60-тан астам елінен келген 700-ге жуық жас палуан бақ сынаған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы толық құраммен өнер көрсетті.

Чемпионаттың шымылдығын грек-рим күресінің шеберлері ашты. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ шымкенттік палуан Дияр Аманәлі тамаша өнерімен барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұл ел қоржынына түскен тарихи алтын жүлделердің бірі болды.

Ал чемпионаттың соңғы күнінде еркін күрес шеберлері белдесулерін аяқтады. Бұл сында жерлесіміз Мардан Орынбасар жоғары шеберлік танытып, қола жүлдені жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен шымкенттік қос палуан әлем чемпионатын жүлдемен аяқтап, халықаралық аренада ел абыройын асқақтатты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1267965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version