Тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен, Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Руслан Самарбекұлы Назаров Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Полиция департаментінің жаңа бастығын ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов таныстырды.

Руслан Самарбекұлы ішкі істер органдарында көпжылдық  тәжірибесі бар. Әр жылдары жедел уәкіл, аға жедел уәкіл қызметтерін атқарып, Ақмола облысы Ішкі істер департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда еңбек етті. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы шілде айынан бастап ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1267664?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version