«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА 180 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
 
 
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері санитарлық талаптарды бұзған және қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 4 989 әкімшілік хаттама толтырылып, 147,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 95,6 млн теңгесі өндірілді. Сондай-ақ 505-бап бойынша 6 453 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 33,7 млн теңге айыппұл салынды. Оның 26,3 млн теңгесі өндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің аппарат отырысында баяндалды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аудан және қала әкімдеріне елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Әсіресе, қоқыс үйінділері жиі анықталатын аумақтарда тұрақты мониторинг пен рейдтік іс-шараларды жүргізуді, күнделікті тазалық жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді және қажет болған жағдайда жұмыс күшін арттыруды міндеттеді. Сонымен қатар демалыс орындарын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына ерекше назар аударуды тапсырды.
Аппарат мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Оның мәлімдеуінше, «Таза Қазақстан» (@TazaQazBot) Telegram чат-боты арқылы келіп түскен өтініштер саны 1 736-ға жетіп, олар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдіктері тарапынан 505-бап бойынша 3 294 хаттама толтырылып (оның ішінде 2 940 ескерту), 18,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүгінгі таңда оның 10,8 млн теңгесі өндірілді.
Өткен аптада Ордабасы, Төлеби және Мақтаарал аудандарында тазалық жұмыстарының сапасына, саябақтар мен скверлердің жай-күйіне, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлер аулаларының санитарлық жағдайына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 153 кемшілік анықталды. Анықталған олқылықтарды толық жою бойынша аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды. Сонымен қатар елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған ауылдық округ әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігі қаралатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1267650?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version