ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 14 – тамызда сағат 15:00-де Ленгір қаласы, Жастар ресурстық орталығында (Әйтеке би көшесі №50а үй), жеке қабылдауы сағат 16:00-де аудандық мәдениет үйінде (Төле би көшесі №237үй) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 12 тамызға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1267765?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version