Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде Төлеби ауданының тумасы Ағабек Бақдаулет алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.
Ағабек Бақдаулеттің тарихи жеңісі – тек Төлеби ауданының ғана емес, күллі Қазақстанның мерейін үстем еткен айтулы жетістік. Әлемдік аренада Көк Туымызды желбіретіп, Мемлекеттік Әнұранымызды асқақтатуы – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш. Бұл жеңістің артында қажырлы еңбек, қайсар мінез және жеңіске деген ұмтылыс жатыр. Бақдәулет туған өлкесінің абыройын асқақтатып, Төлебінің намысын әлемге танытты.
Осы зор жетістікке үлес қосқан жаттықтырушыларыңа, ата-анаңа және барша қолдау білдірген жандарға алғысымды білдіремін. Жеңісті күндер көп болсын!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау