Тұрғын үй алу тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Жыланды округінің тұрғындары!

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкес электрондық кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Тұрғын үй алу тәртібі төмендегі бес кезеңнен тұрады:

1-кезең. Азамат тұрғылықты жері бойынша «Отбасы банк» АҚ филиалына немесе orken.otbasybank.kz электрондық порталы арқылы өтініш береді. Өтініш Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаралып, белгіленген санаттарға сай келген жағдайда азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке алынады.

2-кезең. Есепке қойылған азамат тұрғын үй ұсынылғанға дейін өзінің кезектілігіне сәйкес күтеді.

3-кезең. Азаматтың кезегі келген кезде «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй алу мүмкіндігі туралы хабарлап, байланысқа шығады немесе 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жолдайды. Сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйлердің бірінен таңдау ұсынылады. Азамат ұсынылған тұрғын үймен танысып, 5 жұмыс күні ішінде оны қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Келісім берілген жағдайда «Отбасы банк» АҚ тиісті үміткерлердің тізімін қалыптастырады.

4-кезең. Тізімді жолдау және құжаттарды ресімдеу.
«Отбасы банк» АҚ қалыптастырған үміткерлер тізімі Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданады. Бөлім тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдап, қажетті құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес ресімдейді.

5-кезең. Тұрғын үйді қабылдау.
Тізім негізінде азаматпен тұрғын үйді жалдау шарты жасалып, тұрғын үйдің кілті табысталады. Осы сәттен бастап азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдайды.

Ескерту!
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамасына және электрондық кезектілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарға тұрғын үй тек кезектілік тәртібімен беріледі. Тұрғын үй мәселесіне қатысты толық ақпаратты «Отбасы банк» АҚ филиалынан немесе orken.otbasybank.kz электрондық порталы арқылы алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1267886?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version