Аида Балаева Италияның Қазақстандағы Елшісі Антонелло Де Риумен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мәдениет, өнер және креативті индустриялар салаларындағы Қазақстан мен Италия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттарын талқылады.

Аида Балаева креативті индустриялар саласындағы өзара іс-қимылды жандандырудың маңызын ерекше атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан тарапының жетекші италиялық брендтермен әріптестікті дамытуға, жас дизайнерлерге арналған бірлескен білім беру бағдарламалары мен мектептер ашуға, шығармашылық коллаборациялар мен ауқымды сән жобаларын ұйымдастыруға мүдделі екені айтылды.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары бейнелеу өнері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде бірлескен көрмелер өткізу және суретшілер мен мүсіншілерге арналған тәжірибе алмасу бағдарламаларын іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Кездесуде театр өнері саласындағы байланысты дамытуға, соның ішінде бірлескен қойылымдар әзірлеуге де ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Италия Елшісі кинематография және халықаралық копродукция салаларындағы ықпалдастықты күшейтуді, сондай-ақ өнер мен креативті индустриялар саласында еңбек ететін әйелдер арасында тәжірибе алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған мәдени диалогты одан әрі кеңейтуге және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделі екенін растады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1268694?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version