Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы интернет-кеңістігіндегі діни сипаттағы іс-шараны көпшілікке жария түрде насихаттау және діни қызмет элементтерін қоғамдық орында ұйымдастыруға қатысты талдау жұмыстары жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нәтижесінде, @zhanbol_nurmukhanbet «Threads» парақшасында «Бесплатный кофе за суру из Корана. С сегодняшнего дня запускаем акцию! Если вы сможете прочитать любую суру из Корана наизусть, мы угостим вас чашкой кофе бесплатно. Акция действует 7 дней – до 10 августа включительно. Астана, Қабанбай батыра, 58Б Ждём вас! Пусть эта акция станет поводом вспомнить или выучить ещё одну суру» мәтінінде Құран сүрелерін жатқа оқыған тұрғындарға тегін кофе беру (акция тек Қабанбай батыр, 58Б мекен-жайында Zhanpresso кофеханасында өтіп жатыр) түріндегі ынталандыру акциясы жарияланған.

Аталған жарияланымда діни мазмұндағы әрекетті (Құран сүресін жатқа оқу) материалдық сыйақымен (тегін кофе) байланыстыру арқылы тұрғындарды діни тәжірибеге қатысуға ынталандыру шаралары ұйымдастырылғаны анықталды.

Кофехана иесі Жанбол Нұрмұханбет Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына шақырылды. Аталған түлғамен «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін түсіндіру мақсатында профилактикалық әңгіме өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-udr/press/news/details/1268780?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version