Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ балалардың діни сауаттылығын арттыру және интернет желісіндегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырды.
Кезекті кездесулер Айыртау ауданындағы «Чайка» және «Сокол» балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде, сондай-ақ Ақкөл ауданында өткізілді. Іс-шараларға Орталық басшысы Нұркен Найзабекұлы Тілеубаев пен теолог Сәкен Жақанов қатысып, балалар мен жасөспірімдерге дәрістер оқыды.
Кездесу барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың адамдарды өз қатарына тарту тәсілдері (вербовка), интернет кеңістігіндегі діни қауіптер, ақпараттық және цифрлық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жастарға әлеуметтік желілерде қауіпсіз әрекет ету, күмәнді ақпаратты ажырата білу, сыни ойлау дағдыларын дамыту және дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/1268681?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау