«Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында профилактикалық тексеру жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің пробация қызметі мен Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді.

Іс-шара барысында есептегі тұлғалардың белгіленген шектеулерді сақтауы мен жүктелген міндеттерді орындауы бақылауға алынды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде ескертілді.

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды бақылау бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жалғастыруда.

https://www.instagram.com/reel/Dbm33faNiZ_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1268495?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version