Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылым және құрылыс мәселелері жөніндегі көшпелі комиссиясы Кірпішті тұрғын алабындағы Елек өзені арқылы өтетін көпір құрылысының барысымен танысты.
Комиссия жұмысына мәслихат депутаттары Дияс Иликбаев, Ануар Тасимов және Жандос Жаңабай, Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аманбай Сакиев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен авторлық қадағалау өкілдері қатысты.
Жоба аясында ұзындығы 340 метр болатын жаңа көпір салынуда. Құрылыс алаңында 80 маман еңбек етуде. Мердігер ұйым – «Казкомсервис» ЖШС.
Жаңа көпір екі бағыттағы көлік қозғалысын қамтамасыз ететін болады. Жобаға сәйкес, алдымен көпірдің бірінші бөлігі пайдалануға беріледі. Кейін қолданыстағы көпір бұзылып, оның орнына жаңа құрылыс салынады.
Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылды. Нысанды салу кезінде белгіленген талаптар мен техникалық нормалардың сақталуы, сондай-ақ жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1268062?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау