«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті ата-аналар, ауыл тұрғындары және жанашыр азаматтар!

2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміз бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алу.

Акция аясында төмендегі заттар түрінде қайырымдылық көмек қабылданады:

  • мектеп формасы;
  • аяқ киім;
  • мектеп сөмкесі;
  • оқу құралдары мен кеңсе тауарлары.

Әрбір жанашыр азаматтың қолдауы – балалардың сапалы білім алуына қосылған маңызды үлес. Сіздердің көмектеріңіз көптеген оқушының жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына мүмкіндік береді.

Қайырымдылық жасауға ниет білдірген баршаңызды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

Акциялар:

  • «Балаға мейірім сыйла!»,
  • «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар»,
  • «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!»                                                                                                                                                                                                                                               Бір баланың қуанышы – баршамыздың ортақ қуанышымыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1268355?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version