Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың негізгі мақсаты әкімшілік рәсімдерді оңайлату, азаматтардың әлеуметтік көмек пен қолдау алуының барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ-мен бірлесіп 2026 жылғы 29 қаңтарда аумақтық департаменттер көрсететін қызметтер бойынша тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта қарау, сондай-ақ төлемдерді тоқтата тұру және тоқтату рәсімдері кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі Жол картасын бекітті.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап алушылардың қайтыс болғаны туралы мәліметтер келіп түскен кезде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды автоматты түрде тоқтата тұру және тоқтату процесі басталды.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және қайта куәландырудан өту кезінде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны автоматты түрде қайта есептеу процесі іске қосылды.

Сондай-ақ, қайта куәландырудан өту кезінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны (жалпы ауру, еңбек жарақаты, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар) автоматты түрде қайта есептеу процесі іске қосылды.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап өтінімдерді қолмен өңдеуден бас тартуды және олардың біреуінің 18 жасқа толуына байланысты асырауындағы адамдардың құрамы өзгерген кезде асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны автоматты түрде қайта есептеуге көшуді көздейтін автоматты процесс іске қосылды.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Республикалық бюджеттен бала тууға арналған жәрдемақыны және бала күтіміне арналған жәрдемақыны автоматты түрде тағайындау процесі басталды.  Сондай-ақ он сегіз жасқа толғаннан кейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар бойынша көп балалы отбасына жәрдемақы төлеуді автоматты түрде ұзарту процесі іске қосылды, бұл оқу орнынан жыл сайын анықтама беру қажеттілігін болдырмайды. Анықтама «Е-макет» ААЖ-не «Қазақстан Республикасының Білім министрлігі» АЖ-нен келіп түседі.

Ағымдағы жылдың 3 тамызынан бастап мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны өтінімдерді қолмен өңдеуді алып тастау және автоматты түрде тағайындау процесіне көшу мақсатында автоматтандырылған процесс іске қосылды.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді тезірек және ыңғайлы алуға мүмкіндік береді, құжаттарды ресімдеу уақытын үнемдейді, процестердің ашықтығын арттырады, әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізуді жеңілдетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1268686?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version