Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 31 шілдеде Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:

  1. Федоров ауданы аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағы қызметінің іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы.

Федоров ауданында жастарды жазғы кезеңде жұмысқа орналастыруға, елді мекендерді абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жобасын іске асыру жалғасуда.

Қоғамдық кеңес 2026 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы тиісті деңгейге қойылғанын атап өтті, ЖРО-ға алғашқы еңбек тәжірибесін алу, жауапкершілікті дамыту, еңбек дағдыларын игеру, ауданның, туған ауылдың дамуы мен абаттандырылуына жеке үлес қосу бойынша жастармен жұмысты жалғастыруды ұсынды.

  1. Федоров ауданының кітапхана жүйесіндегі аудан жастарымен жұмыс туралы.

Жастармен тиімді жұмыс жасау – маңызды міндеттердің бірі.

Кітапханалардың жастармен жұмыс жасаудағы басты міндеті – кітап пен оқу арқылы үйлесімді дамыған, білімді, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға жәрдемдесу.

2026 жылдың І жартыжылдығында жастар үшін 1633 адамды қамтитын  152 іс-шара өткізілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері аудан кітапханаларының жастармен оң жұмысын атап өтті.

Отан тарихы мен өлкетануға, мәдени және рухани-адамгершілік дамуға, салауатты өмір салтын насихаттауға деген қызығушылықты қалыптастыру арқылы азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.

  1. Федоров ауданындағы жолдарды жөндеу жөніндегі 2026 жылға арналған бағдарламаның орындалу барысы туралы (мониторинг қорытындылары).

Жолдарды жөндеу бағдарламасына сәйкес 5 бағыт бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

3 бағыт бойынша жұмыстар 2026 жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы тиіс еді, жұмыстар орындалмады.

Мәселе бақылауға қойылды.

Қоғамдық кеңеске қыркүйек айында жолдарды жөндеу бағдарламасының орындалуына мониторинг жүргізу ұсынылды. 

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1268568?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version