Қызылорда облысы Полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлының төрағалығымен гарнизондық жиын өткізілді. Жиын барысында қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар пысықталды. Полиция полковнигі қызметкерлерге қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын аумақтарда профилактикалық іс-шараларды күшейтуді, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуді және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың заңды өкілдерімен және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі атап өтілді. Гарнизондық жиын қорытындысында жеке құрамға нақты міндеттер жүктеліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың тыныштығын сақтау бағытындағы қызметті күшейту тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1268027?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version