«Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дін істері басқармасының басшысы Р. Касенова «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы Қ. Исаевпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрған «Қамқор-Шарапат» рәсімдік қызмет көрсету орталығының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. Марқұмды жерлеу рәсімдерін ретке келтіру, жаназа және жерлеу рәсімдерін өткізуде орынсыз сән-салтанат пен ысырапшылдықтан бас тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, конфессияаралық келісімді нығайту, түрлі конфессия өкілдері арасындағы сындарлы диалогты дамыту және өңірдегі қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы алдағы ынтымақтастық мәселелеріне де назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1268658?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version