VIII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

VIII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті Бүгін Приозерск қалалық мәслихатының VIII шақырылымдағы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Алмас Ұлан Алмасұлы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер: 1. Приозерск қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы; 2. Приозерск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы; 3. Приозерск қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы. Отырыс барысында салалық бағыттар бойынша өзге де өзекті мәселелер көтеріліп, қала әкімдігінің тиісті жұмыс комиссяларына өзгерістер енгізілді. Депутаттар күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары қаралған барлық мәселелерді бірауыздан мақұлдап, оларды қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1268466?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version