Жақсылықтың жолы – балаға қуаныш сыйлау!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жолдама сыйла» қайырымдылық акциясы аясында Павлодар обылсы, Железин ауданының облыстық және республикалық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері атанған 10 дарынды оқушы Gorki ISLAND Summer Camp 2026 жазғы лагерінде 10 күн тегін демалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл игі бастама «Geocona Group» ЖШС-нің демеушілік қолдауының арқасында жүзеге асты.

Лагерьдегі әрбір күн балалар үшін жарқын әсерге, қызықты таныстықтарға және ұмытылмас сәттерге толы болды. Спорттық сайыстар, шығармашылық бағдарламалар мен танымдық іс-шаралар олардың жазғы демалысын ерекше естелікке айналдырды.

Жақсылық мұнымен аяқталған жоқ. Лагерьден кейін «Geocona Group» ЖШС-нің басшысы Байтусов Қуат Ғомарұлы оқушыларға Алматы қаласына арнайы экскурсия сыйлады. Балалар Іле Алатауының көркем табиғатын тамашалап, тау бөктеріне көтеріліп, Көктөбеге саяхат жасап, еліміздің ең әсем қаласының көрікті орындарын аралады. Бұл сапар олардың жүрегінде мәңгі сақталатын әсерлі естелікке айналды.

Железин ауданының білім бөлімі «Geocona Group» ЖШС-не және оның басшысы Байтусов Қуат Ғомарұлына ауданның дарынды балаларына көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы, олардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1268403?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version