📢 «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауы басталады!.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тілдегі жарнаманың сапасын арттыруға бағытталған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы қолданысын кеңейту, көрнекі ақпараттың тілдік сапасын арттыру, тіл мәдениетін дамыту және үздік тәжірибелерді насихаттау.
Қатысушылар:
• квазимемлекеттік сектор өкілдері;
• кәсіпкерлік субъектілері;
• тауар өндірушілер;
• жарнамадағы тілдік қателерді анықтап, түзетуге үлес қосқан азаматтар.
Өтінімдер 2026 жылғы 10 тамызға дейін қабылданады.
Өтінімдер мен материалдарды электрондық пошта арқылы қабылдаймыз: samaibaganaev@gmail.com
Жоба жетекшісі: Ислам Болатов
Байланыс телефоны: +7 (708) 544-0852
Мемлекеттік тілдің мәртебесін бірге көтеріп, сауатты әрі сапалы жарнаманы қолдайық!
#байқау #тілдердідамытубасқармасы #заң #жарнама

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1269440?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version