🔹 Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кездесу ағымдағы жылдың 31 шілдесі күні Келес ауданында өтті.
🔹 Кездесуге Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы, Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Құралбаева Гүлнұр Эгамбердіқызы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Келес ауданында орналасқан кәсіпкерлік субъектірелінің басшылары, кадрға жауапты мамандары қатысты.
🔹 Кездесу барысында жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы, жұмыс берушілердің заңнамада көзделген міндеттері, сақтандыру шартын жасасу тәртібі, сондай-ақ бұл талаптарды сақтамағаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
🔹 Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қолданыстағы еңбек заңнамасы мен міндетті сақтандыру талаптарына қатысты жан-жақты жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1268821?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау