«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы аясында орналасқан павильондарға мониторинг жүргізілу жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыру аясында «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы шеңберінде орналастырылған барлық павильондарға қолданыстағы заңнама талаптарын және қызметті жүзеге асыру тәртібін түсіндіру мақсатында аралау жүргізілді.

Іс-шараға аудан әкімдігі аппаратының, Төтенше жағдайлар басқармасының, Полиция басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ «Astana ӘКК» АҚ өкілдері қатысты.

Мониторинг барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, оның ішінде эскиздік жобаларға сәйкестігі, абаттандыру жағдайы, өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы, көші-қон заңнамасы, нысандардың нысаналы мақсаты, сондай-ақ, бақылау-касса аппараттарының болуы мәселелері қаралды.

 

https://www.instagram.com/p/Dbn1Gm3B7-7/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1269341?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version