Диалог, сенім және ортақ шешім – Целиноград ауданында медиация мәселелері бойынша Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға сот, мемлекеттік органдар, Ақсақалдар кеңесі, Билер кеңесі, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың өкілдері қатысып, тұрғындарды толғандырған мәселелерді ашық форматта талқылады.
Қабылдауға Ақмол және Қабанбай батыр ауылдарының тұрғындары келіп, өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынып, құзырлы мемлекеттік органдарға жолданды.
Медиация – бір-бірін тыңдап, өзара түсіністікке келіп, дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді тетігі. Осындай ашық диалог мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1269494?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау