Маңғыстау облысының туристік әлеуеті Испанияның танымал VIAJAR туристік журналында кеңінен таныстырылды. Арнайы мақала Маңғыстау облысының Туризм басқармасының қолдауымен және журнал редакциясымен бірлесіп дайындалды.
Басылымда еуропалық аудитория өңірдің ең көрікті табиғи және тарихи-мәдени нысандарымен танысты. Атап айтқанда, Бозжыра шатқалы, Шерқала тауы, Тұзбайыр үстірті, Торыштағы алып тас шарлар аңғары, Каспий теңізінің жағалауы, сондай-ақ Маңғыстаудың киелі орындары мен бай мәдени мұрасы кеңінен насихатталды.
Жарияланымның басты мақсаты – Маңғыстау облысын халықаралық туристік бағыт ретінде танытып, еуропалық туристердің өңірге деген қызығушылығын арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269275?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау