Танымал кәсіпкер әрі халықаралық Sea Breeze туристік жобасының негізін қалаушы Эмин Агаларов Маңғыстау облысының туристік әлеуеті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Сұхбат барысында Эмин Агаларов Маңғыстауға жасаған сапары жайында айтып, өңірдің табиғи көрікті жерлері әуеден қараған сәттің өзінде ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.
«Әсіресе алып тас шарлар алқабы ерекше есте қалды. Бұл аймақтың қайталанбас жер бедері оның ежелгі мұхиттың табаны болғанын айқын көрсетеді. Нағыз фантастикалық көрініс! Біз күні бойы тікұшақпен өңірді аралап, ерекше әсер алдық. Маңғыстаудың тұмса табиғаты мені шын мәнінде таңғалдырды», – деді Эмин Агаларов.
Оның айтуынша, Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттары мен туристік нысандары халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық тудыратын әлеуетке ие.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269323?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау