Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссиясы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан жері:
071411, Абай облысы, Семей қаласы, Орманды көшесі, 32/1.
Телефондар: 8 (7222) 51-45-54, 8 (7222) 51-67-19.
Конкурс өткізілетін күні мен орны: 2026 жылы Абай облысы, Семей қаласы,
Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ, 3-қабат, №307 кабинет.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – Абай облысының халқына өмірге қауіп төндіретін жай-күйлерде, жазатайым оқиғалар кезінде, жіті ауыр аурулар болған жағдайда оқиға орнында, сондай-ақ медициналық ұйымға жеткізу жолында ересектер мен балаларға тәулік бойы жедел медициналық жәрдем көрсету.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесінің мүшелігіне сайланатын адамдарға мынадай талаптар қойылады.
Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттың жоғары білімі болуы және төменде көрсетілген талаптардың кемінде біріне сәйкес келуі қажет:
- денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика, қаржы, бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 (бес жыл) жұмыс тәжірибесінің болуы;
- денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика, қаржы, бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық лауазымда кемінде 3 (үш жыл) жұмыс тәжірибесінің болуы;
- денсаулық сақтау және (немесе) экономика, бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы.
Мынадай тұлға байқау кеңесінің мүшесі болып сайланбайды:
- өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар;
- заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт бұрын осы заңды тұлғаның басшысы болған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық немесе жекжаттық қатынаста болатын.
Құжаттарды қабылдау тәртібі
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:
Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында жарияланған күннен бастап есептеледі.
Конкурс құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға, оның ішінде кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты өзінің аффилиирленуі туралы мәліметтерді қоса бере отырып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары берген соттылығының жоқ екендігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсыным хаттар және өзге де құжаттар) ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деген белгісі бар жеке конвертке салады. Конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және пошталық мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін көрсетілген конверт сыртқы конвертке салынып, мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) мерзімді баспасөз басылымындағы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануға тиіс;
2) мынадай жазуды қамтуға тиіс: «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін ашуға болмайды» (конверттерді ашу күні мен уақыты конкурс туралы хабарландыруда көрсетіледі).
Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қарайды және бағалайды.
Бағалау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктейді және оларды әңгімелесуге шақырады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия талаптарға сай келетін кандидаттарды іріктеп, оларға шақырту жолдайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-densaulyk/press/news/details/1269094?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау