Абай облысында Ресей Федерациясынан карантиндік ағаш материалының әкелінуіне тосқауыл қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясының инспекторлары қауіпті карантиндік нысанмен залалданған ағаш өнімдерін өткізу әрекетінің жолын кесті.

Ресей Федерациясынан Семей қаласына әкелінген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалына (қарағайға) жүргізілген қайталама карантиндік фитосанитариялық тексеру барысында қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері анықталды. Бұл – аса қауіпті карантиндік зиянкес.

Аталған құқық бұзушылыққа байланысты мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.

Іс материалдары мәні бойынша қарау және тиісті процестік шешім қабылдау үшін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық заңнама талаптарын сақтау міндетті екенін еске салады. Бұл талаптар еліміздің орман қорына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруі мүмкін қауіпті зиянкестердің ел аумағына енуі мен таралуына жол бермеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1269312?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version