Алакөл жағалауында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында рейд өткізілді
Алакөл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, жергілікті учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен Алакөл көлінің жағалауында рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – демалыс аймағында тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Рейд барысында демалушылар мен кәсіпкерлік нысандарының иелеріне жағалау аумағын таза ұстау, белгіленген талаптарды сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер берілді.
Рейд нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 11 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Алакөл жағалауында тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қолайлы демалыс ортасын қалыптастыру мақсатындағы мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1269308?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау