Алматы облысының полиция қызметкерлері ата-аналарға, әсіресе жазғы демалыс кезінде және кешкі уақытта кәмелетке толмаған балаларға бақылауды күшейтудің маңыздылығын еске салады.
Баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, ең алдымен, ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруі олардың құқыққа қарсы әрекеттердің құрбаны болуына немесе өздерінің құқық бұзушылық жасауына себеп болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, сондай-ақ тұрғынжайдан тыс қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы үшін ата-аналар мен заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Аталған талаптың негізгі мақсаты ата-аналарды жазалау емес, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіз дамуына жағдай жасау болып табылады.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларының қайда жүргенін, кімдермен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін үнемі бақылауда ұстауға шақырады. Ересектердің қарапайым қамқорлығы көптеген қайғылы жағдайлар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Алматы облысының полициясы балалардың қауіпсіздігі отбасының, білім беру ұйымдарының және құқық қорғау органдарының ортақ жауапкершілігі екенін еске салады. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында әрбір баланың қауіпсіз ортада өсіп, жан-жақты дамуына жағдай жасауға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1269040?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау