АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАРАСОРА-2026» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 10 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес барлық бағыт бойынша күшейтілді.

Іс-шара аясында «Алматы-Бішкек» және «Алматы-Өскемен» автожолдары бойында мобильді бекеттер қойылып, есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу жұмыстары күшейтілді.

Есірткі алқаптарын анықтау және бақылау мақсатында әуеден мониторинг жүргізіліп, бір дрон мен бір тікұшақ пайдаланылуда. Осы мақсатта «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен келісім жасалып, тікұшақ қллданылуда.

«Қарасора-2026» іс-шарасы барысында Алматы облысында есірткіге қатысты 37 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде синтетикалық есірткі өндіретін 2 зертхана әшкереленіп, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 5 дерегі, есірткіні заңсыз өткізудің 12 дерегі және аса ірі мөлшерде есірткі сақтаудың 2 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, 18 қылмыстық теріс қылық анықталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру және алдын алу шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 10 тонна 942 келі 503 грамм есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 27 келі 160 грамм синтетикалық есірткі, 933 грамм марихуана, 4 келі 92 грамм гашиш және 10 тонна 910 келі 318 грамм каннабис алынды.

Алматы облысының полициясы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тұрақты бақылауда екенін және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1269047?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version