Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Е.Х. Махмутовтың төрағалығымен Маңғыстау аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімі Ғ. Ниязов, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен мекеме-кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде:
Маңғыстау ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі бойынша салықтарды есептеу кезінде мөлшерлемені төмендету;
Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №24/190 шешімінің күшін жойылды деп тану;
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №19/195 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №8/67 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау;
Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі №131 «Жер комиссиясының құрамы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу;
Сегізінші сайланған Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаты Д.М. Тұрашевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
Сегізінші сайланған Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаты Е.Қ. Жаулыбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері қаралды.
Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Ниязов қаралған мәселелердің ауданның тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қабылданған шешімдердің сапалы әрі уақытылы орындалуы басты міндет екенін атап өтіп, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар депутаттардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген ұсыныстар бойынша тиісті түсіндірмелер айтылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-audany/press/news/details/1269210?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version