Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Арқалықов Қ.Ғ. Павлодар қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты ұйымдастырған «Заңнамадағы өзекті өзгерістер» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.
Өз сөзінде Қанат Ғалымбекұлы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне енгізілген және 2026 жылы күшіне енген өзгерістермен таныстырды. Еңбек қатынастарын ресімдеу мәселелеріне, еңбек қатынастарының белгілері болған жағдайда еңбек шартын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен алмастыруға жол бермеуге, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібіне енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел соңында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған еңбек заңнамасының жаңа нормаларын тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1269081?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау