Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енген өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесуге департамент басшысының орынбасары Б.Досымов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Р.Зейнуллин, облыстық палата жанындағы денсаулық сақтау кеңесінің төрайымы Ж.Карлиханова және кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер Zoom платформасы арқылы қатысты.
Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары Болат Досымов үстіміздегі жылы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге, еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтіп, заң нормаларына енгізілген түзетулер еңбек қатынастарының ашықтығын арттыруды көздейтіндігіне тоқталды.
Еркін форматта өткен кездесуге онлайн қатысқан кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер еңбек заңнамасындағы жаңашылдықтарға қатысты жан-жақты сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде еңбек заңнамасындағы өзгерістерді ақпараттандыру және жұмыс берушілермен кездесулер өткізу жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1269345?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау