Демалыс күндері Іле ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған кезекті рейдтік профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара Іле ауданы әкімдігі, аудан прокуратурасы және аудандық полиция басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Рейд барысында білім беру ұйымдарының маңайына, ойын-сауық орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына, саяжай алқаптарына және азаматтар көп жиналатын өзге де қоғамдық орындарға ерекше назар аударылды. Кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру үшін үш мобильді топ құрылды. Нәтижесінде шартты түрде сотталғандар, әкімшілік қадағалаудағылар, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, қорғау нұсқамасы шығарылған азаматтар және мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленгендерді қоса алғанда, барлығы 117 адам тексерілді.
Тексеру барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санатындағы есепте тұрған тұлға тарапынан бір құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында 253 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Аталған құқық бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылмағанда, олардың соңы аса ауыр зардаптарға әкеліп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін еді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде құқыққа қайшы әрекеттердің одан әрі өршуіне жол берілмей, қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді.
Демалыс күндері аудан аумағында екі қылмыс тіркеліп, оның біреуі ізін суытпай ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған бір қылмыстың беті ашылды.
Іле ауданы аумағында мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1269075?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау