Аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен аудандық инвестиция тарту жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, штаб мүшелері, ауылдық округ әкімдері және инвесторлар онлайн және офлайн форматта қатысты.
Отырыс барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданға тартылған инвестиция көлемі мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Нүркен Топасов баяндама жасады.
– Өткен 2023–2025 жылдары ауданға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 39 млрд 217 млн теңгені құрады. Оның ішінде 15,2 млрд теңгесі – жеке инвестициялар.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 4,0 млрд теңге инвестиция тарту көзделген болатын. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 5,1 млрд теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалды.
Шілде айында қосымша 276 млн теңге инвестиция тарту күтілуде. Осылайша, жеті айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 5,3 млрд теңгені құрайды деп жоспарланып отыр.
Жалпы, 2026 жылы аудан көлемінде жалпы құны 12 млрд теңгені құрайтын 13-тен астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде аудан тұрғындары көптен күткен супермаркет, сауда орталығы, ойын-сауық орталығы, жүзу бассейні, газ құю бекеті және мал сою алаңдарының құрылысы бар.
Ал ауылдық округтерде жол бойындағы сервистік қызмет көрсету нысандары, көпжылдық және біржылдық екпе шөп өсіру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жобалар қолға алынбақ. Сонымен қатар, бірнеше бюджеттік жоба да жүзеге асырылады.
Аталған жобалар аясында 100- ден астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
– Алдағы уақытта да ауданымыздың инвестициялық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа инвестициялық жобаларды тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – деді Нүркен Топасов.
Жиын барысында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов инвесторлардың жоспарларымен танысты.
Өз сөзінде аудан басшысы барлық жобалардың белгіленген мерзімде іске қосылуы басты талап екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, аудан әкімдігі әрбір
инвестициялық жобаның таб
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1269406?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау