Мүгедектікті белгілеу азаматтың денсаулық жағдайын медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді бағалау негізінде ғана жүзеге асырылады.
Мүгедектікті белгілеуден бас тартудың ең жиі кездесетін себептері:
✅ Жеткілікті негіздердің болмауы – ағза функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесі мен тіршілік әрекетінің шектелуі белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейді.
✅ Тіршілік әрекетінің шектелуінің болмауы – азаматта өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, еңбек қызметі, оқу, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өз мінез-құлқын бақылау және заңнамада көзделген басқа да тіршілік әрекеті санаттарының шектелуіне алып келетін ағза функцияларының тұрақты бұзылыстары жоқ.
✅ Ұсынылған мәліметтердің шынайы болмауы – медициналық құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәліметтердің анықталуы.
✅ Медициналық құжаттамадағы кемшіліктер – жолдаманың (№ 031/у нысаны) толық немесе дұрыс рәсімделмеуі, қажетті клиникалық-функционалдық және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің болмауы.
Маңызды: Мүгедектікті белгілеуден бас тарту анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін, қажетті тексерулерден өткен соң немесе денсаулық жағдайы өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1269030?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау