Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысындағы стратегиялық жобалардың іске асырылу қарқынымен танысты
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмасымен Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келіп, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру салаларындағы жобаларды және әлеуметтік нысандар құрылысын көрді.
Президент қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалар ең алдымен халықтың жайлы тұрмысын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін көздейді. Ауқымды жұмыстардың барлық кезеңі, мәселелері – Үкімет бақылауында.
Жұмыс сапарының екінші күнінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері туралы жиын өткізді. Онда Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктері талқыланды.
Сапар аясында «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның алдағы жылу маусымына дайындығы да қаралды. Жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтап, жылу беру маусымын тұрақты өткізу тапсырылды. Жоспар бойынша дайындық қыркүйекте бітуі тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/1269146?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау