Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің басшысы – Касенова Анара Бауржановна және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің бас маманы – Есалиева Лейла Бурабековнаның қатысуымен аудандағы жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында:
✓Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді енгізу тәртібі;
✓Ұжымдық шартты жасау тәртібі, қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
✓Қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру)кезінде еңбекке ақы төлеу;
✓Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
✓Квота талаптарының орындалуы; Жиын барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еңбек заңнамасын сақтау және еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру жөнінде нақты түсіндірмелер берілді.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1269507?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау