Заң кітаптан басталады: Талдықорғанда ерекше көрме ашылды
Көрме Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылды.
С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың баспасөз қызметі
Адалдық, әділдік, заңға құрмет және жауапкершілік сезімі — тек өмірлік тәжірибе арқылы ғана емес, құнды кітаптар арқылы да қалыптасатын қасиеттер. Осы құндылықтарға арналған «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханада ашылды.
Көрме Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты — оқырмандарды құқықтық мәдениет, адамгершілік құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарындағы әдебиеттермен таныстыру.
Көрменің алғашқы келушілері Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті өкілдері болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan-erkin/press/news/details/1269437?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау