Павлодар облысы ТЖД жас спортшысы – Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы күнінің қола жүлдегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы жарыс күні қорытындысы бойынша Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің намысын қорғаған жас спортшы Кирилл Черевко қола медаль жеңіп алды.

Ол «Оқу мұнарасының екінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасында үшінші орын иеленіп, жоғары деңгейдегі дене дайындығын, шеберлігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – күш-қуатты, жылдамдықты, төзімділікті және мінсіз шеберлікті талап ететін ең тартымды әрі күрделі спорт түрлерінің бірі. Қола медаль жарыстың алғашқы күніндегі лайықты нәтиже болып, Павлодар облысы ТЖД-ның спорттық жетістіктер қоржынына тағы бір жүлде қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1269309?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version