Бүгін Павлодар қаласында М. Жүсіп көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері келген кезде қалың түтін байқалып, пәтердің балконынан түтін шығып жатты. Балконда көмекке мұқтаж ер адам болған. Барлау жұмыстарын жүргізу және өртті сөндіру үшін кіреберіске газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үйдің 10 тұрғыны өздігінен эвакуацияланды.
Автосатының көмегімен ТЖМ қызметкерлері 1971 жылы туған пәтер иесін құтқарды. Құтқарылғаннан кейін ер адам АМО бригадасына тапсырылды. Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен жану аумағы анықталуда.
ТЖМ ескертеді: тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтаңыз, қосулы тұрған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз және электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз. Өрт болған жағдайда дереу 112 немесе 101 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1269296?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау