Қарағанды облысы жергілікті өндірушілердің өткізу нарығын кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының кәсіпорындары өнімдерін жеткізу бойынша жалпы сомасы 340 млрд теңгеге жуық ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты. Аймақтағы өндірушілерге берілетін тапсырыс көлемін ірі компаниялардың бірі – Qarmet те арттырды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев отандық өндірушілерді қолдау шаралары қаралған Үкімет отырысында мәлімдеді.

Өңір басшысының айтуынша, негізгі басым бағыттардың бірі – ішкі өндірістік құндылықты дамыту. Бұл бағыт жергілікті кәсіпорындарға тұрақты әрі кепілді тапсырыстар алуға, өндіріс көлемін арттыруға және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

— Биыл Qarmet компаниясымен меморандумға қол қойылып, облыстағы 58 кәсіпорынға жалпы сомасы 100 млрд теңгеге тапсырыс орналастыру көзделді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 65,5 млрд теңгеге өнім жеткізілді. Сонымен қатар 338 млрд теңгеге алты офтейк-келісімшарт пен тоғыз ұзақ мерзімді келісім жасалды. Бұл өңірлік тауар өндірушілер үшін өнім өткізуге кепілдік беріп, өндіріс қуаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ірі жер қойнауын пайдаланушылармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда, — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мұндай қолдаудың нақты мысалы ретінде Қарағанды аяқ киім фабрикасын атауға болады. Бұған дейін өндірісін тоқтату қаупі болған кәсіпорын Karachaganak Petroleum Operating және NCOC компанияларымен жаңа келісімшарттар жасасып, бүгінде өндірістік қуаттарын толық іске қосуға мүмкіндік алды.

Өңірде өнеркәсіптік кластерлерді дамыту жұмыстары да жүйелі түрде жалғасуда. Металлургиялық кластер аясында автобустар, тұрмыстық техника, болат ванналар, панельді радиаторлар және өзге де өнім түрлерін шығару жолға қойылған. Қазіргі уақытта осындай үлгіде алюминий кластерін құру мәселесі пысықталуда.

Сонымен қатар өңірде жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және олардың өнімдерін ілгерілету бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. 

Ірі сауда желілерінде отандық кәсіпорындардың өнімдері үшін «Қазақстанда жасалған» және «Қарағандыда жасалған» арнайы белгілері бар жеке сөрелер ұйымдастырылуда. Бұл өңірлік брендтердің танымалдығын арттырып, қазақстандық өнімдерге деген сұранысты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1268807?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version