Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 2026 жылғы 5 маусымда №300-VIII ҚРЗ Конституциялық заңын қабылдады. Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастапқолданысқаенгізіледі.
ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің e.zan деректеріне сәйкес жаңа Конституциялық заң әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту тәртібін айқындайды.
Конституциялық заңды қабылдау мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа Конституциялық заңның заң күші неғұрлым жоғары және Қазақстанның өңірлері, аудандары мен қалаларының картасындағы кез келген өзгерістер үшін тікелей қолданылатын болады.
СолтүстікҚазақстаноблысыүшінзаңныңқабылдануыаудандардыңшекараларын, елді мекендердіңмәртебесін өзгертуге, жаңаауылдықокругтердіңқұрылуынақатысты кез келгенмәселелерКонституциялықзаңныңнормаларынақатаңсәйкестіктешешілетінінбілдіреді.
Заңның толық мәтінімен ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде adilet.zan.kz. порталында танысуға болады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uebp/press/news/details/1269444?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау