ШҚО-да 119 құрылыс лицензиясының қолданысы тоқтатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аймақта заңсыз құрылысқа қарсы бақылау күшейтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Каирдинов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 261 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 244 іс тапсырыс берушілерге, 7 іс техникалық қадағалау сарапшыларына, 7 іс техникалық зерттеп-қарау жүргізген ұйымға, 3 іс мердігер мекемелерге қатысты.

Тексеріс нәтижесіне сәйкес, 119 мемлекеттік құрылыс лицензиясының қолданысы 6 айға шектеліп, 2 лицензиаттың қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, 89 лицензиатқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді. Анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 58 нұсқама берілді.

Жаңа Құрылыс кодексі саладағы бақылауды күшейтіп, заң талаптарын сақтауды міндеттейді. Бұл ең алдымен құрылыс нысандарының сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1269026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version