Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жастар ресурстық орталығы, мемлекеттік еңбек инспекциясы, «Шығыс жастары» жастар қанаты және блогерлермен бірлесіп, жазғы кезеңде жасөспірімдер жиі еңбек ететін қоғамдық тамақтану және мәдени-демалыс нысандарында рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жасөспірімдерге олардың еңбек құқықтары мен ресми жұмысқа орналасу тәртібі түсіндіріліп, жұмыс берушілерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде заңнамада белгіленген міндетті талаптар ескертілді.

Рейд барысында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. Сондай-ақ еңбек қатынастарын ресми рәсімдеу, жұмыс уақытының белгіленген режимін сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және заңда көзделген өзге де кепілдіктер кәмелетке толмағандардың заңды еңбек қызметінің міндетті шарттары екені түсіндірілді.

Балалардың құқықтарын қорғау және олардың еңбек етуі үшін қауіпсіз жағдайлар жасау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1269471?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version