«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарауылкелді ауылы Бармақ батыр көшесі № 291 А тұрғыны Базарбай Аралбай тұрғындарды тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға үндейтін өз ойымен бөлісті.
Таза ауыл – өз ауламыздан басталады. Әрбір тұрғын өз үйінің ауласын таза ұстап, айналасын күтіп-баптаса, ауылымыздың көркі артып, экологиялық мәдениетіміз де қалыптасады.
Сонымен қатар, әр шаңырақ өз ауласына жеміс ағаштарын, көкөніс пен көгал егіп, балаларымыздың табиғи әрі экологиялық таза өнім тұтынуына үлес қоса алады. Бұл – денсаулыққа да, табиғатқа да жасалған игі қадам.
Барша ауыл тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысуға шақырамыз!
Таза аула – таза ауыл. Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1269288?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау