Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күн сайын облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қызмет атқарып, жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану және жолда барынша мұқият болу қажеттігін түсіндіреді. Әсіресе алыс жолға шыққан азаматтарға шаршаған жағдайда көлік жүргізуді жалғастырмай, жақын маңдағы кемпингтерде, демалыс орындарында немесе арнайы тұрақтарда тынығып алуға кеңес береді.
Сонымен қатар жүргізушілерге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелер туралы алдын ала ескертіліп, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтап, жылдамдықты төмендету қажеттігі жеткізіледі.
Жетісу облысының полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ұзақ жолға шығар алдында демалысты дұрыс жоспарлауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1269350?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау