📌Арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌Арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ж. Қалиев «АК Алтыналмас» АҚ «Ақбақай» ЖТКБК қарасты «ALS KazLab» ЖШС жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты зерделеніп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы бағаланды. Сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік талаптарының орындалуы тексеріліп, оқиғаның орын алуына ықпал еткен факторлар анықталды.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес тиісті құжаттар рәсімделіп, өндірісте осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жұмыс берушіге нақты ұсынымдар берілді.

✅Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1269654?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version