📌Қаратау қаласында жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌Қаратау қаласында жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілуде

2026 жылғы 29 шілдеде Қаратау қаласында «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені филиалының Тау-кен өңдеу цехының электрмеханигі Т.Н Абдулхамитұлының қатысуымен орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Абдi.Б және жұмыс беруші өкілі мен жұмыскерлердің өкілі енгізілді.

✅Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайы жан-жақты зерделеніп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы бағаланады. Тергеп-тексеру нәтижелері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес ресімделіп, белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1269584?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version